Емелден кейін — Шарын! Тағы бір тазқараның жолы Қырғызстанға қарай созылды

Емелден кейін — Шарын! Тағы бір тазқараның жолы Қырғызстанға қарай созылды

Жақында ғана «Алтын-Емел» ұлттық паркінде дүниеге келген Емел есімді жас тазқараның Қазақстан шекарасынан асып, Қырғызстанға жеткенін хабарлаған едік.

Ал енді назарымыз Шарынға ауды!

Естеріңізде болса, биыл 25 шілдеде Шарын ұлттық паркінде тазқара балапанына алғаш рет GPS/GSM-трекер орнатылған болатын.

Арада үш ай өтті. Енді құстың қозғалыс картасында қызықты бағыттар пайда болды!

Картадағы сары сызықтар Қазақстанның оңтүстік-шығысынан Қырғызстанның таулы өңірлеріне, Ыстықкөл маңына дейін созылып жатыр.

Мұндай мәліметтер жас тазқаралардың қаншалықты алысқа ұшатынын, қандай аумақтарды таңдайтынын және қай жерлерде аялдайтынын зерттеуге мүмкіндік береді.

Екі ұлттық парк. Екі жас тазқара. Шекарамен шектелмейтін табиғат әлемі.

Ал олардың келесі аялдамасы қайда болмақ?

Қанатты саяхатшылардың сапарын бірге бақылайық!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/forest/press/news/details/1321206?lang=kk