Байғанин ауданының әкімі Айбек Купенов Көлтабан ауылдық округіне қарасты Қораши және Жыңғылдытоғай ауылдарының тұрғындарымен кездесіп, елді мекеннің тыныс-тіршілігімен және халықты толғандырған мәселелермен танысты.
🔹Кездесу барысында ауылдық медициналық пунктке медбике қажеттілігі, сондай-ақ жеке тұрғын үй ауласында орналасқан, құлау қаупі бар электр бағанасын жаңасына ауыстыру мәселелері көтерілді.
🔹Аудан әкімі тұрғындардың өтініштерін тыңдап, көтерілген мәселелерді шешу бағытында жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Әрбір мәселе тиісті тәртіппен зерделеніп, шешу жолдары қарастырылатын болады.
🔹Тұрғындармен тікелей байланыс орнатып, елді мекендердің өзекті мәселелерін назардан тыс қалдырмау жұмыстары жалғасады.
ҚОРАШИ МЕН ЖЫҢҒЫЛДЫТОҒАЙ АУЫЛДАРЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/1321170?lang=kk