Бүгін Павлодар облысы Әділет департаментінің қызметкерлері А. Шаяхметова және А. Рахманбергенова жеке сот орындаушысы Т. Габбасовпен бірлесіп, «Ана үйі» қоғамдық бірлестігінде құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында азаматтарға алимент өндіру тәртібі, алимент бойынша берешекті есептеу, сондай-ақ алимент төлеуден жалтарған борышкерлерге қатысты қолданылатын мәжбүрлеу шаралары жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, қажетті құқықтық консультациялар ұсынылды.
Құқықтық түсіндіру жұмысы
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-pvl/press/news/details/1321164?lang=kk