Ағымдағы жылғы 30 қазанда «Әділет кеңес береді» акциясы аясында Павлодар қаласының мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі әуежай ғимаратында азаматтар арасында құқықтық түсіндіру іс-шарасын өткізді.
Іс-шара барысында азаматтарға «AdiletGOV» мобильді қосымшасындағы «Тараптар кабинеті» онлайн-сервисінің мүмкіндіктері мен жұмыс істеу тәртібі түсіндірілді. Сонымен қатар азаматтарға жеке консультациялар беріліп, өздерін қызықтырған сұрақтар бойынша құқықтық түсіндірмелер ұсынылды
Құқықтық түсіндіру іс-шарасы
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-pvl/press/news/details/1321162?lang=kk