«Нашақорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ міндет»

«Нашақорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ міндет»

«Нашақорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ міндет»

Ш. Уәлиханов атындағы орта мектепте жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу және құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында оқушылардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары өткізілді.

Кездесу барысында есірткіге тәуелділіктің зардаптары, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары және бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар ата-аналарға балалардың мінез-құлқына назар аудару, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және мектеппен тығыз байланыста болу қажеттігі айтылды.

Мұндай түсіндіру жұмыстары жас ұрпақтың бойында жауапкершілік пен құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, сондай-ақ олардың қауіпсіз болашағын қамтамасыз етуге бағытталған.

Салауатты ұрпақ – ел болашағы! Нашақорлық пен құқық бұзушылыққа бірге тосқауыл қояйық!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy-akyn-sara/press/news/details/1321148?lang=kk