Прокурорлар қала мектептерінде, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша ата-аналар жиналысын өткізді

Прокурорлар қала мектептерінде, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша ата-аналар жиналысын өткізді

«Заң мен Тәртіп» идеологиясы, «Саңалы ұрпақ» жобасы және криминогендік жағдайды сауықтыру жөніндегі жол картасы шеңберінде Петропавл қаласы прокуратурасының бастамасымен ағымдағы жылдың 13-21 қазанда аралығында жалпы білім беретін мектептерде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қылмыстың алдын алу, қорлау, электронды темекіні пайдалану және жасөспірімдер арасындағы басқа да жағымсыз құбылыстар мәселелері бойынша ата-аналар жиналыстары өткізілді.

14 қазанда Петропавл қаласының прокуроры Г.Әубәкіров Бірінші қалалық IT лицейінде болып, ата-аналар жиналысына қатысты.

Ата-аналармен кездесулер барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алудың, білім беру ортасында зорлық-зомбылық пен қорлаудың алдын алудың, сондай-ақ балалардың заңсыз әрекеттерге тартылуына жол бермеудің өзекті мәселелері қаралды.

Балаларды тәрбиелеу және қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілік туралы ақпарат ата-аналардың назарына жеткізілді. Құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында отбасы, мектеп және құқық қорғау органдары арасындағы тығыз өзара іс-қимыл қажеттігі баса айтылды.

Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және балалар үшін қауіпсіз орта құруға бағытталған жұмысты Петропавл қаласы прокуратурасының ерекшк бақылауында.

Балалар қауіпсіздігі — ата-аналардың, мұғалімдердің және қоғамның жалпы жауапкершілігі.

 Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1321142?lang=kk