«Нашақорлыққа жол жоқ!»

«Нашақорлыққа жол жоқ!»

«Нашақорлыққа жол жоқ!»

Ақын Сара ауылдық округінде нашақорлықтың алдын алу және тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында ауыл тұрғындарына есірткінің зияны мен оның адам денсаулығына тигізетін кері әсері туралы ақпараттық брошюралар таратылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың есірткіге тәуелділіктің зардаптары туралы хабардарлығын арттыру, жастарды зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын түсіндіру.

Нашақорлықтың алдын алу – қоғамның ортақ міндеті. Салауатты өмір салтын қалыптастыру және жас ұрпақты зиянды әдеттерден қорғау – жарқын болашақтың кепілі.

Нашақорлыққа қарсымыз! Салауатты өмір салтын бірге қолдайық!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy-akyn-sara/press/news/details/1321139?lang=kk