Алматы, 2026 жылғы 29 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі - Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Абдрашов Мажарстанның «myPlan.cloud» технологиялық компаниясының және Мажарстанның Алматы қаласындағы Бас консулдығының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында құрылыс және инфрақұрылымдық жобаларды басқаруға арналған BIM-модельдеу, жобалық құжаттама, тапсырмаларды басқару, келісу рәсімдері және құрылыс барысын мониторингтеуді біріктіретін myPlan.cloud цифрлық платформасы таныстырылды. Тараптар цифрлық платформаны Қазақстанда, оның ішінде Alatau City стратегиялық жобасын іске асыру аясында қолдану перспективаларын талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша практикалық диалогты жалғастыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.
Қазақстан мен Мажарстан технологиялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1321120?lang=kk