Курчатов қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы мәслихат депутаттығына кандидаттармен кездесу өткізді.

Курчатов қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы мәслихат депутаттығына кандидаттармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында сайлау науқанын ұйымдастыру және өткізу тәртібі, сайлау заңнамасының талаптары, кандидаттардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ сайлау үдерісінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы кандидаттарға сайлау заңнамасының негізгі талаптарын түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу кезінде заңдылықты сақтау, сайлаушылармен кездесулер ұйымдастыру және сайлауалды бағдарламаларын таныстыру тәртібіне тоқталды.

Кездесу соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті түсіндірмелер алды.

Іс-шараның басты мақсаты – сайлау үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету, кандидаттардың құқықтық сауаттылығын арттыру және сайлау заңнамасының талаптарын сақтау болып табылады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1321108?lang=kk