Шот-фактураларды жазу ережелері жаңартылды

Шот-фактураларды жазу ережелері жаңартылды

🏛️ Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылғы 13 қазаннан бастап шот-фактураларды жазып беру қағидалары мен электрондық шот-фактура (ЭШФ) нысанына енгізілген өзгерістер күшіне енгенін хабарлайды.

📜 Аталған өзгерістер Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 629 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі № 646 бұйрығымен бекітілді.

📌 Негізгі өзгерістер:

1. 📄 ЭШФ нысаны жаңартылды.

Жекелеген деректемелер нақтыланып, кейбір бағандардың нөмірленуі, сондай-ақ тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізушілер мен алушылар туралы мәліметтерді толтыру тәртібі өзгертілді.

2. 🔐 ЭШФ-ға қол қою тәртібі нақтыланды.

Электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалану жөніндегі ережелер Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне сәйкестендірілді.

3. 📝 Жекелеген операциялар бойынша ЭШФ ресімдеу қағидалары нақтыланды.

Өзгерістер комиссия, экспедиция, бірлескен қызмет және қаржылық лизинг шарттары бойынша ЭШФ жазып беру тәртібіне қатысты.

4. ⏰ ЭШФ ресімдеудің арнайы мерзімдері белгіленді.

✅ Тауарларды алушы тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатты (ТІЖ) қабылдамаған жағдайда, оның негізінде түзетілген ЭШФ қабылдамау күнінен кейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей жазып берілуі тиіс.

✅ Түзетілген ЭШФ жазып берілуіне байланысты қосымша ЭШФ жойылған жағдайда, оны қалпына келтіру түзетілген ЭШФ жазып берілген күннен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.

5. 🔄 Терминология өзгертілді.

«Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі» ұғымы «Электрондық шот-фактуралардың цифрлық жүйесі» ұғымына ауыстырылды.

📣 Құрметті салық төлеушілер!

✅ Қолданылатын ЭШФ нысандарының өзектілігін тексеруді;

✅ Бухгалтерлік бағдарламалардың баптауларын жаңартуды;

✅ Электрондық құжаттарды ресімдеу кезінде жаңа талаптарды ескеруді ұсынамыз.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1321094?lang=kk