📐 Жас мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдап, шығармашылық және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, математика пәніне деген қызығушылығын арттыру мақсатында Ө. Құспанов атындағы жас мамандарға арналған аудандық математика олимпиадасы өткізілді.
🔹 *Олимпиада екі бөлімнен тұрды:*
- «Бір тақырып, екі шешім»
- «Математикалық олимпиада»
Байқау барысында жас педагогтер өздерінің білім-білігін, логикалық ойлау қабілеттерін және кәсіби әлеуеттерін көрсетті. 🧠💡
🥇 *ЖЕҢІМПАЗДАР МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕР:*
🏆 *І орын* – Қ. Мырзалиев ат. ЖОББМ мұғалімі Тасменова Аякөз Аманжолқызы;
🥈 *ІІ орын* – А.Жұмағалиев ат.МББК мұғалімі Алдабергенова Жауқазын Серікқызы;
🥈 *ІІ орын* – Абай МББК мұғалімі Куткожина Гулнур Нуршатовна; 🥉 *ІІІ орын* – Аралтөбе ЖОББМ мұғалімі Абдешова Анель Альфредовна.
👏 Олимпиадаға қатысқан барлық педагогтерге белсенділіктері, ізденістері мен кәсіби ұмтылыстары үшін алғыс білдіреміз!
🌟 Облыстық кезеңге жолдама алған жеңімпазымызға сәттілік тілейміз! Білім бәсекесінде биік белестерді бағындырып, ауданымыздың абыройын асқақтата беруіне тілектеспіз!
*Білімді ұрпақ – білікті ұстаздан, ал білікті ұстаз – үздіксіз ізденістен басталады!* 💐
Ө. ҚҰСПАНОВ АТЫНДАҒЫ ЖАС МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН АУДАНДЫҚ МАТЕМАТИКА ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ!* 🧮✨
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-syrym/press/news/details/1321087?lang=kk