Азаматтармен ашық диалог: фронт-офисте өзекті мәселелер қаралады

Азаматтармен ашық диалог: фронт-офисте өзекті мәселелер қаралады

Бүгін Бейнеу аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Ғабидолла Құсаинов фронт-офисте азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдау барысында ауданның үш тұрғыны өздерін толғандырған мәселелерін көтеріп, ұсыныстарын жеткізді. Бөлім бастығы әрбір азаматтың өтінішін мұқият тыңдап, қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсініктемелер берді. Көтерілген мәселелердің шешілуі жеке бақылауға алынды.

Мұндай кездесулер полиция мен халық арасындағы өзара сенімді нығайтуға, құқық қорғау органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге және азаматтардың өтініштеріне уақтылы ден қоюға мүмкіндік береді.

Полиция бөлімі тұрғындардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ халықпен ашық әрі қолжетімді байланыс орнату бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастырады.

Еске саламыз:

Бейнеу аудандық полиция бөлімінің фронт-офисінде азаматтарды қабылдау дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08:30-дан 18:30-ға дейін жүргізіледі.

Тұрғындар өздерін толғандырған мәселелер бойынша өтініштері мен ұсыныстарын білдіру үшін фронт-офиске жүгіне алады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1321065?lang=kk