Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

     2026 жылғы 30 қазанда «Даулет» базары мен сауда үйінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

    Іс-шара барысында жұмыссыз азаматтар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар және қандастар арасында деструктивті діни ағымдардың алдын алу, діни сауаттылықты арттыру, сондай-ақ діни экстремизм мен терроризмнің қауіп-қатерлері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Сонымен қатар қатысушыларға тақырыптық ақпараттық-танымдық парақшалар мен арнайы дайындалған таратпа материалдар үлестірілді.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдағы діни тұрақтылықты сақтау, халықтың діни сауаттылығын арттыру және деструктивті діни идеологиялардың таралуына жол бермеу.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy-din/press/news/details/1321030?lang=kk