2026 жылғы 29 қазанда Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті Мемлекеттік кірістер Комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментімен бірлесіп ведомствоаралық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өткізді.
Кездесу барысында қатысушылар зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде туындайтын мәселелерді, оның ішінде азаматтардың табыстарын есепке алуды, салық есептілігін ұсыну мерзімдерін сақтауды, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арасында қажетті мәліметтермен алмасуды талқылады.
Мұндай кездесулерді өткізу ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайтуға, ақпараттық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға және азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруға байланысты мәселелерді уақтылы шешуге ықпал етеді.
Мемлекеттік кірістер департаментінің Қостанай облысы бойынша өкілдерімен дөңгелек үстел
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kostanay/press/news/details/1321015?lang=kk