Облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің Балқаш қаласына сапары

Облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің Балқаш қаласына сапары

Облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының Балқаш қаласына жұмыс сапары аясында конфессияаралық келісімді нығайтуға, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыруға және діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізілді.
Кездесулер барысында тұрғындармен және түрлі сала өкілдерімен зайырлы мемлекет қағидаттарын сақтау, деструктивті діни ағымдардың ықпалының алдын алу, сыни ойлау қабілетін дамыту, сондай-ақ қоғамда өзара құрмет пен толеранттылық мәдениетін қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды.
Іс-шара барысында мамандардың кәсіби әлеуетін арттыруға ерекше назар аударылды. Осы мақсатта Балқаш қалалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне арналған оқыту семинары ұйымдастырылып, оның аясында профилактикалық жұмыстың заманауи тәсілдері, халықпен өзара іс-қимылдың тиімді әдістері талқыланып, қатысушылар тәжірибе алмасты.

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-din/press/news/details/1320998?lang=kk