Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Абай облысы бойынша департаменті РММ бөлім басшысы – мемлекеттік еңбек инспекторы Темірлан Бауыржанұлы Әміртаев «KEGOC» АҚ филиалының басшылығы мен қызметкерлеріне арналған семинарға қатысты.
Семинарға Қазақстан Республикасының әртүрлі өңірлерінен келген «KEGOC» АҚ-ның жауапты өкілдері қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарын түсіндіру, жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат беру, сондай-ақ өндірістік жарақаттанудың алдын алу және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылау.
Мұндай іс-шаралар жұмыскерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және өндірістегі қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
«KEGOC» АҚ өкілдерімен еңбек заңнамасы мәселелері бойынша семинар өткізілді.
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/abai-enbek/press/news/details/1320975?lang=kk