«PSYCHOLOGY NEXT» CЕМИНАР-ПРАКТИКУМЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

«PSYCHOLOGY NEXT» CЕМИНАР-ПРАКТИКУМЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Шымкент қаласының балалар құқығын қорғау басқармасының «Психологиялық қолдау орталығы» КММ мектепке дейінгі ұйымдардың педагог-психологтарына арнап «PSYCHOLOGY NEXT» семинар-практикумын өткізді.

Семинардың негізгі мақсаты – педагог-психологтардың цифрлық орта жағдайында баланың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, эмоционалдық әл-ауқатын қолдау және әлеуметтік бейімделуіне ықпал ететін заманауи психологиялық тәсілдер бойынша кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Семинар барысында қатысушылар:

- Баланың психологиялық қауіпсіздігі мен эмоционалдық әл-ауқаты туралы ой бөлісті;

- «Сұрақ-жауап плакаты» арқылы кәсіби пікірлерімен алмасты;

- «Телефонды бермесеңіз, балабақшаға бармаймын!» кейсін талдап, психологтың тиімді әрекет ету жолдарын қарастырды;

- Жасанды интеллектінің психолог жұмысына ықпалын талқылады;

- Цифрлық технологияның бала дамуына әсерін төрт бағыт бойынша бағалады;

- Өз тәжірибесінде қолданатын нақты кәсіби қадамдарын айқындады.

Семинардың басты идеясы – ЖИ психологты алмастырмайды, ол тек маманның жұмысын жеңілдететін көмекші құрал. Өйткені баланың эмоциясын сезіну, оның үнсіздігін байқау, сенімді қарым-қатынас орнату, тыңдау және дер кезінде қолдау көрсету – психологтың кәсіби шеберлігі.

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-bala/press/news/details/1320973?lang=kk