🔸Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Қызылорда облысы Полиция департаментінің жедел басқару орталығы қызметінің тиімділігін бағалау сараптамалық – талдау» іс-шарасы бойынша комиссия мүшесі Н.Р. Қордабайдың баяндамасы тыңдалып, жұмысты ұйымдастыру, инфрақұрылым мен бейнебақылау, бюджеттік көрсеткіштер, сондай-ақ құқық бұзушылықтарды анықтау нәтижелері қамтылды.
🔸Отырысқа Қызылорда облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары Е.Б.Искаков, Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығы басшысының міндетін атқарушы Б.С.Қарымсақов және уәкілетті органның басшылары мен мамандары қатысты.
🔸Жиын барысында тексеру комиссиясының төрағасы М.О.Қалдарбеков және комиссия мүшелері көтерген бірқатар сұрақтарға жедел басқару орталығы қызметінің және басқарма басшысы мен объектінің мамандары жауап берді. Отырыс нәтижесінде тиісті қаулы қабылданып, алдағы уақытта атқарылатын іс-шараларды іске асыру мақсатында уәкілетті органдарға тиісті ұсынымдар жолданатын болды.
«ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ САРАПТАМАЛЫҚ – ТАЛДАУ» САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/revkomkyzylorda/press/news/details/1320969?lang=kk