ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ұлттық банктерінің валюталық саясат жөніндегі консультациялық кеңесінің отырысы туралы

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ұлттық банктерінің валюталық саясат жөніндегі консультациялық кеңесінің отырысы туралы

2026 жылғы 29 қазанда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің делегациясы Төраға Мәдина Әбілқасымованың басшылығымен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің орталық (ұлттық) банктерінің валюталық саясат жөніндегі консультациялық кеңесінің 31-ші отырысына қатысты. Іс-шара Минск қаласында өтті.

Валюталық саясат жөніндегі консультациялық кеңес –  Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің орталық (ұлттық) банктері мен қаржы реттеушілерінің консультативтік-кеңесші органы.

Дәстүрлі отырысқа Армения Орталық Банкінің, Беларусь Ұлттық Банкінің, Қазақстан Ұлттық Банкінің, Қырғызстан Ұлттық Банкінің және Ресей Орталық Банкінің басшылары қатысты.

Қатысушылар ағымдағы экономикалық жағдайды, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде ақша-кредит саясатының іске асырылуын талқылады, алаяқтық операцияларға қарсы іс-қимыл бөлігінде тәжірибе алмасты, цифрлық валюталарды пайдалану және енгізу перспективалары, сондай-ақ виртуалды активтерді реттеу мәселелерін қарады.

Отырыс аяқталғаннан кейін Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қаржы нарығындағы өзара іс-қимылды күшейтуге бағытталған бірқатар келісімдерге қол қойылды.

Консультациялық кеңестің кезекті отырысы келесі жылы Ресейде өтеді.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1320924?lang=kk