Самар ауданында жолдарды қысқы күтіп-ұстауға дайындық жүргізілуде

Самар ауданында жолдарды қысқы күтіп-ұстауға дайындық жүргізілуде
Самар ауданында алдағы қысқы кезеңге жол қызметтерінің дайындығы тексерілді.
 
Самар ауданы әкімінің орынбасары Мұрат Байжүменов «ДСУ-14» ЖШС-нің техникалық базасымен танысып, арнайы техникалардың бар-жоғын және олардың дайындығын, сондай-ақ кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілу деңгейін бағалады.
 
Жол ұйымының қарамағында 32 бірлік арнайы техника бар. Қысқы кезеңде жолдарды күтіп-ұстау жұмыстарына 7 жүргізуші, 20 жол жұмысшысы және 15 механизатор жұмылдырылады.
 
Жол қызметтерінің негізгі міндеті – автомобиль жолдарын қардан уақтылы тазарту, көктайғаққа қарсы іс-шараларды жүргізу және қыс мезгілінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1320922?lang=kk