Іс-шараға Департамент басшысы А. Нарматов қатысып, әлеуметтік қорғау жүйесінің дамуына және халыққа әлеуметтік қолдау көрсету ісіне үлес қосып жүрген сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Әлеуметтік қорғау саласы – халықтың әл-ауқатын арттыруға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сондай-ақ әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға көмек көрсетуге бағытталған маңызды сала.
Мерекелік іс-шара аясында өз қызметтік міндеттерін абыроймен атқарып, саланың дамуына үлес қосып жүрген бірқатар қызметкер марапатталды.
Сонымен қатар, әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға жан-жақты көмек көрсетіп, әлеуметтік қорғау жүйесінің дамуына үлес қосқан Департамент қызметкерлеріне Алматы облысы әкімінің «Алғыс хаты» табысталды.
«Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні» мерекесіне орай Қонаев қаласында салтанатты іс-шара ұйымдастырылды
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-konaev/press/news/details/1320885?lang=kk