А.ж. 31 қазан күні елордамызда Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.
Жәрмеңкеге 40-тан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындары қатысады.
Сіздер 50-ге тарта азық-түлік түрін нарықтықтағыдан 10-15% - ға төмен бағамен сатып ала аласыздар.
Облыс фермерлері ет және шұжық өнімдерін, балғын балық, жұмыртқа, сүт және сүт өнімдерін, ұн, картоп және көкөністер әкеледі.
Өнімнің жалпы көлемі 490 тоннадан асады.
Сондай-ақ, жәрмеңкеде тұтынушыларға көмек көрсету үшін еріктілер жұмыс жасайтын болады.
Келушілердің назарына ақмолалық өнерпаздарыдың қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылады.
Тиімді бағамен сапалы өнім сатып алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар.
Біз сіздерді Қарқаралы тасжолы 1 мекенжайы бойынша («Қазанат» ипподромына қарама-қарсы) асыға күтеміз.
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі сағат 8.00-де басталады.
Құрметті Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1320860?lang=kk