2026 жылғы 29 қазанда Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясымен 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында тіркелген партиялық тізімдермен ұсынылған кандидаттардың куәліктері табысталды.
Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әсия Қыстаубаева саяси партиялардың өкілдеріне кандидаттардың куәліктерін табыстап, алдағы сайлау науқанында сәттілік тіледі.
Сондай-ақ сайлау заңнамасының талаптарын сақтау, үгіт-насихат жұмыстарын белгіленген мерзімде және заң аясында жүргізу маңыздылығына назар аударылды.