Соңғы санаққа сүйінсек Катонқарағай ұлттық паркінде екі мыңнан астам елік мекендейді.
Осы санның артында инспекторлардың күнделікті еңбегі бар. Аумақты аралау, аңдарды бақылау, санақ жүргізу, браконьерліктің алдын алу — еліктердің өз мекенінде қауіпсіз тіршілік етуі үшін атқарылатын жұмыс.
Алғашқы қармен бірге ормандағы аңдардың ізі де анық көріне бастады. Усть-Язовая орманшылығының инспекторлары еліктерді суретке түсіріп, қарға түскен іздерін де байқады
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/forest/press/news/details/1320724?lang=kk