№57 мекемесіне үш ұялы телефонды заңсыз өткізу әрекетінің жолы кесілді

№57 мекемесіне үш ұялы телефонды заңсыз өткізу әрекетінің жолы кесілді

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №57 мекеменің аумағына тыйым салынған заттарды лақтыру әрекетінің жолы кесілді.

Аталған шараны мекеме қызметкерлері Ұлттық ұланның әскери қызметшілерімен бірлесіп жүзеге асырды. Заң бұзушылық режим талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған республикалық «Қадағалау» режимдік-профилактикалық іс-шарасы аясында анықталды.

Тексеру барысында ұсталған азаматтан скотчпен оралған үш түйіншек табылды. Олардың ішінен үш ұялы телефон, төрт қуаттағыш құрылғы, бес SIM-карта және үш құлаққап тәркіленді.

Аталған факті бойынша материалдар тіркелді. Қазіргі уақытта қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шешім қабылдау үшін қажетті процестік әрекеттер жүргізілуде.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/duisalmjetobl/press/news/details/1320708?lang=kk