Астана кәсіпкерлерінің назарына: құрылыс жұмыстарын бастамас бұрын жадынамамен танысыңыз

Астана кәсіпкерлерінің назарына: құрылыс жұмыстарын бастамас бұрын жадынамамен танысыңыз

Астана қаласының әкімдігі құрылыс және жер қазу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ нысандарды инженерлік желілерге қосу тәртібі жөнінде ақпараттық брошюра әзірледі.
Онда жұмыстарды келісу тәртібі, жауапты ұйымдардың байланыс деректері және талаптарды бұзғаны үшін көзделген жауапкершілік туралы ақпарат жазылған. Жадынаманың негізгі мақсаты – жерасты инженерлік коммуникацияларының зақымдануына жол бермеу және адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Кәсіпкерлер жұмыстарды бастамас бұрын брошюрамен танысып, оның мазмұнын мердігер ұйымдардың назарына жеткізулері тиіс.
Брошюраны қосымшадан жүктеп алуға болады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1320705?lang=kk