Тоғыз айдың қорытындысы талқыланды
Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде департамент бастығы, әділет полковнигі Рысбек Сағадатұлы Тургумбаевтың төрағалығымен тоғыз айдың қорытындысына арналған кеңейтілген жиын өтті.
Жиын барысында есепті кезеңде атқарылған жұмыстардың нәтижелері сараланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер мен басым бағыттар айқындалды. Ішкі істер министрлігі тарапынан қойылған талаптар жеке құрамға жеткізіліп, олардың сапалы әрі уақтылы орындалуына қатысты нақты тапсырмалар берілді.
Кеңесте заңдылықты қатаң сақтау, жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік тәртіпті нығайту және «Заң мен тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, мекемелердегі режимдік талаптардың орындалуын қамтамасыз ету және қызмет тиімділігін арттыру бағытындағы жұмыстарды одан әрі жетілдіру міндеттері белгіленді.