«ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ СЕКТОРЛАРДЫ ЖАҢҒЫРТУ» (ЭКСЖ) ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ: АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН АУҚЫМДЫ ЖҰМЫСТАР

«ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ СЕКТОРЛАРДЫ ЖАҢҒЫРТУ» (ЭКСЖ) ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ: АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН АУҚЫМДЫ ЖҰМЫСТАР

«ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ СЕКТОРЛАРДЫ ЖАҢҒЫРТУ» (ЭКСЖ) ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ: АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН АУҚЫМДЫ ЖҰМЫСТАР Қаланың жылу жүйесін жаңғырту және тұрғындарды тұрақты жылумен қамтамасыз ету мақсатында ЭКСЖ ұлттық жобасы аясында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба шеңберінде жалпы ұзындығы 11,3 км магистралдық жылу желілерін қайта құру көзделген. 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық Жалпы 6 нысан бойынша жұмыстар қарастырылған. Оның ішінде «Алматыинжстрой» АҚ мердігерлігімен 2 нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталып, тұтынушыларға тұрақты жылу берілді. Атап айтқанда, Түркістан көшесінен Байтұрсынов көшесі арқылы Тәуке хан даңғылына дейінгі учаскеде ұзындығы 655 қума метр, диаметрі 426 мм жылу желісі қайта жаңартылды. Нәтижесінде 8 көпқабатты тұрғын үй, 1 әлеуметтік нысан және 2 заңды тұлға сапалы жылумен қамтамасыз етілді. 2027–2029 жылдарға арналған жоспарлар Алдағы жылдары Шымкент қаласының 14 учаскесінде жалпы ұзындығы 10,6 км магистралдық жылу желілерін реконструкциялау жоспарланып отыр. Қазіргі таңда аталған жоба ЭКСЖ платформасына орналастырылды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-energetika-kommunal/press/news/details/1320676?lang=kk