Оба ауруына күдікті жағдай анықталған кезде жүргізілетін профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар

Оба ауруына күдікті жағдай анықталған кезде жүргізілетін профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұйымдастыруымен «Аэропорт Усть-Каменогорск» АҚ халықаралық әуежайында Оба ауруына күдікті жағдай анықталған кезде жүргізілетін профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар тақырыбында дөңгелек үстел және практикалық оқу-жаттығу өткізілді.
Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аса қауіпті инфекцияларды және Туберкулезді бақылау бөлімінің басшысы
Б. Ашимханова қатысты.
Оқу-жаттығу барысында әуе кемелерінің экипаж мүшелері мен жолаушылар арасында аса қауіпті инфекциялық ауруға күдік туындаған жағдайда атқарылатын іс-шаралар, жауапты қызметтердің іс-қимыл тәртібі және ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелері қарастырылды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-vko/press/news/details/1320669?lang=kk