«Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза бейсенбі» өткізілді

«Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза бейсенбі» өткізілді

29 қазан күні Қайнар ауылында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті «Таза бейсенбі» сенбілігі өткізілді.Акцияға ауыл әкімі аппаратының қызметкерлері, мекеме ұжымдары және ауыл тұрғындары белсене қатысты.Сенбілік барысында:Ауыл көшелері мен аяқ жолдары қоқыстан тазартылды. Әкімшілік ғимараттардың және әлеуметтік нысандардың аумақтары жиналды; Арықтар мен қоқыс тастайтын орындар ретке келтірілді.Ауылымыздың тазалығы – ортақ жауапкершілігіміз! Барлық тұрғындарды тазалықты сақтауға шақырамыз.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-nurinsk-kainar/press/news/details/1320640?lang=kk