Облыс әкімінің бірінші орынбасары Д. Б. Сапановтың төрағалығымен 2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша халықты иммундау жағдайы және 2026–2027 жылдардағы ЖРВИ, тұмау және COVID-19 инфекцияларының эпидемиологиялық маусымына дайындық мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өткізілді.
Кеңес барысында Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сауле Слямғазина халықты иммундау барысы, екпеден бас тартулар және негізсіз қойылған медициналық қарсы көрсетілімдер туралы баяндама жасады.
Сонымен қатар, ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру, халықтың қауіпті топтарын тұмауға қарсы вакцинациямен қамту және медициналық ұйымдардың эпидемиологиялық маусымға дайындығы мәселелері қаралды.
Кеңеске қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары, медициналық ұйымдардың бас дәрігерлері, тиісті басқармалар мен аудандық, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқарма басшылары қатысты.
Кеңес отырысын өткізу бойынша
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-vko/press/news/details/1320626?lang=kk