ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ШЖҚ РМК «Х.Жұматов атындағы гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы» филиалының ғылыми қызметкері Сапарбек Қазбек Мейрбекұлы қалалар мен аудандардың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары мен мамандарына, сондай-ақ ҚР ДСМ СЭБК ШҚО бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының мамандарына арналған «Атмосфералық ауаның және ауыз судың химиялық ластануынан туындайтын халық денсаулығына төнетін қауіп-қатерлерді бағалау әдістемесі» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.
Семинар барысында атмосфералық ауаның және ауыз судың химиялық ластануынан туындайтын халық денсаулығына төнетін қауіп-қатерлерді бағалау кезінде кездесетін негізгі мәселелер қарастырылды. Сонымен қатар қауіп-қатерлерді бағалау жұмыстарын тиімді ұйымдастыру бойынша практикалық ұсынымдар берілді.
Атмосфералық ауаның және ауыз судың химиялық ластануынан туындайтын халық денсаулығына төнетін қауіп-қатерлерді бағалау әдістемесі»
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-vko/press/news/details/1320605?lang=kk