Ел болашағы - басты назарда

Ел болашағы - басты назарда

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл сайынғы Жолдауын тікелей эфир арқылы тыңдады.

         Өз Жолдауында Мемлекет басшысы елімізді одан әрі дамытудың негізгі бағыттарын айқындап, инфрақұрылымды жаңғыртуға, экономикалық әлеуетті нығайтуға, ғылым мен білімді дамытуға, сондай-ақ қоғамдық тұрақтылық пен Қазақстанның тәуелсіздігін сақтауға ерекше назар аударды.

         Президент Жолдауы мемлекетті дамытудың стратегиялық бағдарларын айқындап, қоғам алдына жауапкершілікті, бастамашылдықты және бірлескен күш-жігерді талап ететін жаңа міндеттер қояды.

         Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері Мемлекет басшысының сөзін мұқият тыңдап, Жолдауда белгіленген басым бағыттар мен міндеттерге назар аударды.

         Жауапкершілік, кәсібилік және адамдарға көмек көрсетуге әрдайым дайын болу- құтқарушылар қызметінің өзгермейтін басты қағидаттары.

Маңғыстау облысы ТЖД

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-mangystau/press/news/details/1320575?lang=kk