Дөңгелек үстелде сауда мәселелері талқыланды

Дөңгелек үстелде сауда мәселелері талқыланды

Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары басшының орынбасары Марат Бейсеновтің басшылығымен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер Палатасы ұйымдастырған «дөңгелек үстел» жұмысына қатысты.

Кездесу аясында қатысушылар сауда саласындағы өзекті түйткілді мәселелерді талқылап, бизнесті қолдауға және әкімшілендіруді жетілдіруге бағытталған бірлескен шешімдер әзірледі.

Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өңірдің бизнес-қоғамдастығымен тұрақты негізде өзара іс-қимыл жасап, әріптестік қатынастарды қолдайды және өзекті мәселелерді шешуге көмектеседі.

#Заң_мен_тәртіп#Закон_и_порядок

 

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы

және Байланыс-орталығы басқармасы

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1320572?lang=kk