«Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің басшысы Мирас Қапетұлы Сабағанов облыс прокуратурасы мен әкімшілік полиция басқармасының өкілдерімен бірлесіп «Әкімшілік және еңбек заңнамасы, сондай-ақ табиғатты қорғау саласы» тақырыбында өткен тікелей эфирге қатысты.
Эфир барысында мемлекеттік орган өкілдері әкімшілік және еңбек заңнамасын, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы қолданудың өзекті мәселелерін түсіндірді.
Мұндай іс-шаралар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік органдар мен азаматтар арасында ашық диалогты қамтамасыз етуге, сондай-ақ қоғамда заңдылық қағидатын нығайтуға бағытталған.
#МЕИКСҚОД # Заңжәнетәртіп