ТУА БІТКЕН ЖҮРЕК АҚАУЫ БАР БАЛАЛАРҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ТУА БІТКЕН ЖҮРЕК АҚАУЫ БАР БАЛАЛАРҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ТУА БІТКЕН ЖҮРЕК АҚАУЫ БАР БАЛАЛАРҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Таразда балалар кардиологиясы мен кардиохирургиясын дамыту, туа біткен жүрек ақауларын ерте диагностикалау және жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мәселелеріне арналған баспасөз конференциясы өтті.

Іс-шара Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығында «Heart Center Foundation» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «JÜREK» пациенттер мектебі мен Қазақстанның балалар жүрегін емдеу мамандары қоғамының «TARAZ PEDIATRIC HEART FORUM» IV конференциясы аясында ұйымдастырылды.

Баспасөз конференциясында балалардағы туа біткен жүрек ақауларын анықтау мен емдеудің заманауи тәсілдері, өңірлердегі мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігі, дәрігерлердің кәсіби біліктілігін арттыру және халықаралық клиникалық тәжірибені енгізу мәселелері талқыланды.

Жиынға Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығының директоры Сейтхан Жошыбаев, UMC Педиатрия департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас балалар кардиологы Татьяна Иванова-Разумова, UMC Жүрек орталығының балалар кардиохирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі, штаттан тыс бас балалар кардиохирургі Дмитрий Горбунов және басқарма басшысы Сержан Назарбек те қатысты.

Мамандар балалардағы жүрек ақауларын ерте анықтаудың маңыздылығына тоқталып, күрделі патологияларды емдеуде заманауи хирургиялық және интервенциялық әдістерді қолдану, ата-аналарға медициналық ақпарат беру және отбасыларды қолдау бағытындағы жұмыстарды талқылады.

Іс-шараның басты мақсаты – туа біткен жүрек ақауы бар балаларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттырып, өңірлік дәрігерлердің кәсіби әлеуетін нығайту.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-densaulyk/press/news/details/1320512?lang=kk