МҮГЕДЕКТІГІ БАР НҰРИСЛАМ ЖОЙБАРХАННЫҢ ОТБАСЫНА АРМАН РОМАНҰЛЫ АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

МҮГЕДЕКТІГІ БАР НҰРИСЛАМ ЖОЙБАРХАННЫҢ ОТБАСЫНА АРМАН РОМАНҰЛЫ АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ
Мүгедектігі бар адамдар күніне орай Шардара ауданының әкімі Арман Романұлы Қарсыбаев аудан тұрғыны Жойбархан Нұрислам Мерейұлының отбасына арнайы барып, мерекелік құттықтауын жеткізді.
Аудан әкімі отбасының тұрмыс-тіршілігімен танысып, әлеуметтік жағдайын сұрап, көтерілген мәселелеріне назар аударды. Кездесу барысында отбасы мүшелеріне ізгі тілегін білдіріп, Жойбархан Нұрислам Мерейұлына зор денсаулық, отбасына амандық, бақ-береке және ырыс-бірлік тіледі.
Кездесуде аудан басшысы мүгедектігі бар азаматтарға қажетті қолдау көрсету, олардың қоғам өміріне белсенді араласуына жағдай жасау және әлеуметтік мәселелерін тұрақты назарда ұстау – мемлекеттік және қоғамдық міндеттердің маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтті.
Мүгедектігі бар адамдар күні – қоғамның әрбір мүшесіне құрметпен қарап, жанашырлық пен өзара қолдаудың маңызын айқындайтын ерекше күн. Адамның жағдайына көңіл бөлу, мұң-мұқтажына құлақ асу және қажет кезінде жанынан табылу – адамгершілік пен ізгіліктің айқын көрінісі.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1320504?lang=kk