Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті

Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті
📌СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын сақтау мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті.
⚡️Кеңеске Департаменттің, «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ның СҚО бойынша филиалының мамандары, сондай-ақ онлайн режимде қосылған аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының қызметкерлері қатысты.
⚡️Кеңес Департамент басшысының орынбасары – әдеп жөніндегі уәкіл
С.М. Барменбаевтың төрағалығымен өтті.
⚡️Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің өкілі С.Ж. Суханов санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарының қызметіндегі негізгі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін түсіндірді. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметтер көрсету, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру кезінде туындайтын тәуекелдерге тоқталды.
⚡️Мүдделер қақтығысының алдын алу, заңнамада белгіленген шектеулерді сақтау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
⚡️«Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің өкілі А.М. Мырзакулов сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу шаралары, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік және лауазымдық міндеттерді орындау кезінде заңнама талаптарын қатаң сақтау қажеттігі туралы баяндады.
⚡️Кеңес қорытындысы бойынша заңдылық, адалдық және қызметтік әдеп қағидаттарын сақтау, сондай-ақ ұжымда сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік қағидатын қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-sko/press/news/details/1320486?lang=kk