Солтүстік Қазақстан облысында семинар өтті

Солтүстік Қазақстан облысында семинар өтті
📌 28 қазанда СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде медициналық ұйымдардағы дезинфекция, дезинсекция және дератизация мәселелері бойынша облыстық семинар өтті.
⚡️ Семинарға аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары, медициналық ұйымдардың емдеу жұмысы жөніндегі басшыларының орынбасарлары, госпитальдық эпидемиологтар және инфекциялық бақылау жөніндегі мейіргерлер қатысты.
⚡️ Семинар барысында медициналық құрал-саймандарды өңдеу, сондай-ақ дезинсекция және дератизация жүргізу мәселелері қаралды.
⚡️ Семинар соңында қатысушылар кәсіби қызмет барысында туындайтын практикалық мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасты және өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-sko/press/news/details/1320477?lang=kk