Қаратөбе аудандық терроризмге қарсы комиссияның жанындағы жұмыс тобы отырысы 2026 жылғы 28 қазан күні аудан әкімінің орынбасары Г.Газиевтің төрағалығымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткізілді.
Күн тәртібінде «Дін саласы бойынша аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының атқарған жұмыстары және проблемалық мәселелер туралы», «ДДА ұстанушы азаматтарды оңалту бағыты бойынша жұмыстар туралы» Қаратөбе аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Искали Еділбек Алпамысұлы хабарламалар жасады.
Аталған мәселелер жұмыс тобы мүшелері тарапынан талқыланды, жұмыс тобы отырысының қорытындысы бойынша жиын төрағасы Г.Газиев тиісті сала басшыларына тапсырмалар берді.