Өскеменде Тарбағатай ауданының мәдени күндері өтеді

Өскеменде Тарбағатай ауданының мәдени күндері өтеді

2026 жылғы қазан айының 30-31 күндері Өскемен қаласында облыстық «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында Тарбағатай ауданының мәдени күндері өтеді.

Іс-шара бағдарламасына сәйкес, 30 қазан  күні сағат 9.00 Өскемен қаласындағы Жекпе-жек сарайында  қазақ күресінен облыстық турнир ұйымдастырылады.

30 қазан күні сағат 14.00-де Шығыс Қазақстан облыстық   филармониясының 2-қабатында «Менің Қазақстаным-менің мақтанышым» атты оқушылар мен студенттер арасындағы сурет салу сайысы өтеді.

30 қазан күні  сағат 15.00-18.00 аралығында Шығыс Қазақстан облыстық  филармониясының кіреберіс залында «Тарбағатай: тамыры- тарихта, тұғыры –бүгін, бағыты –болашақта» атты көрмесі келушілерді қарсы алады.

Кешкі сағат 18.00-де осы Шығыс Қазақстан облыстық   филармониясының Үлкен залында Тарбағатай ауданы өнер шеберлерінің Гала концерті болады.

31 қазан күні сағат 07.00 ден бастап «Алтай» КБО аумағында Тарбағатай ауданы азық-түлік және мал өнімдерінің жәрмеңкесі, сағат 9.00 де арнайы осы аумақтағы  сахнада ұлттық спорттық ойындары мен  шағын концерті өтеді.

31 қазан күні сағат 9.00-де Д.Серікбаев атындағы техникалық университеттің спорт залында волейболдан «Тарбағатай лигасы» өтеді.

Ал сағат 14.00 де «Maxi mall» сауда ойын-сауық орталығында Тарбағатай ауданы өнерпаздарының «ТАРБАҒАТАЙ -ЗАМАН ҮНІ» этностилдегі  музыкалық драйв –концерті болады.

        

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1320465?lang=kk