«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алтынсарин ауданының Большечураков ауылдық округінде аумақты абаттандыру және тазалау жұмыстары жүргізілді.



Акцияға қатысушылар елді мекеннің тазалығы мен тәртібін сақтауға, санитарлық жағдайын жақсартуға және қоршаған ортаның қолайлы болуына өз үлестерін қосты.
Осындай бастамалар тұрғындарды ортақ мақсатқа біріктіріп, туған өлкені таза, жайлы әрі көрікті етуге ықпал етеді. Өйткені табиғатқа қамқорлық жасау және туған жердің тазалығын сақтау әр адамның жеке үлесінен басталады!
«Таза Қазақстан» – тазалық пен тәртіп өзімізден басталады! 🌱

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-auliekol-amankaragai/press/news/details/1320454?lang=kk