Ауыл шаруашылығы бөлімінде өрт-тактикалық сабақ өткізілді

Ауыл шаруашылығы бөлімінде өрт-тактикалық сабақ өткізілді

Ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметкерлері мен Ақкөл ауылы №13 өрт сөндіру бекетінің мамандары бірлесіп өрт-тактикалық сабақ өткізді.

Сабақтың негізгі мақсаты – өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өрт туындаған жағдайда қызметкерлердің іс-қимылдарын пысықтау және өрт сөндіру бойынша практикалық дағдыларын жетілдіру.

Іс-шара барысында шартты өртті сөндіру, адамдарды қауіпсіз жерге эвакуациялау және төтенше жағдай кезінде жедел әрекет ету тәртібі пысықталды.

Жамблы облысы ТЖД

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1320435?lang=kk