2026 жылғы 29 қазанда Іле ауданында Кәсіпкерлер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
🏅 Іс-шара барысында Байсерке ауылының бірқатар ұйымдары адал еңбегі, кәсіпкерлікті дамытуға және ауданның әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне қосқан үлесі үшін лайықты марапаттарға ие болды.
🛍️ Сонымен қатар, жергілікті кәсіпкерлердің өнімдері ұсынылған көрме ұйымдастырылды. Көрмеде ауылдастарымыз өз тауарларын таныстырып, жергілікті кәсіпкерліктің әлеуеті мен мүмкіндіктерін көрсетті.
Барлық марапат иелерін лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жемісті болып, кәсіптеріңіз өркендей берсін! Алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жетістіктерге жете беріңіздер! 🇰🇿