Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Петропавл қаласының прокуратурасымен бірлесіп, «Султан-элеватор-мельнично-макаронный комплекс» АҚ-да еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша семинар өткізді.
Іс-шара барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптары, жұмыс берушілердің қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері, сондай-ақ өндірісте еңбекті қорғау талаптарын сақтау қажеттілігі түсіндірілді.
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу, қауіпті өндірістік факторларды уақтылы анықтау және жою, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Осындай іс-шараларды өткізу жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастыруға және өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған.
«Султан-элеватор-мельнично-макаронный комплекс» АҚ-да еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша семинар өткізілді
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-enbek/press/news/details/1320390?lang=kk