Республика күніне орай «Менің Қазақстаным - менің мақтанышым» атты қалалық балалар сурет байқауы өтті

Республика күніне орай «Менің Қазақстаным - менің мақтанышым» атты қалалық балалар сурет байқауы өтті

Байқауға 6–11 және 12–15 жас аралығындағы балалар қатысып, өз туындыларында Отанға деген сүйіспеншіліктерін бейнеледі.

Байқау қорытындысы бойынша 14 қатысушы жүлделі орындарға ие болып, Гран-при, I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Қатысушылардың үздік жұмыстары Астана қаласындағы балалар көркемсурет мектебінің көрме залында ұсынылады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saryarka/press/news/details/1320384?lang=kk