«Таза Қазақстан»: Сарыарқа ауданы 80-нен астам ағашпен толықты

«Таза Қазақстан»: Сарыарқа ауданы 80-нен астам ағашпен толықты

«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында елорданың Сарыарқа ауданында кезекті ағаш отырғызу шарасы өтті. Ырыскелді қажы мешітінің маңына 80-нен астам жөке мен шырша отырғызылды.

Ағаш отырғызу шарасына Халық Кеңесінің мүшелері, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saryarka/press/news/details/1320376?lang=kk