«Заң мен тәртіп» нарративі аясында Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты аудан прокуратурасы және Полиция басқармасымен бірлесіп, ойын-сауық орындарында профилактикалық іс-шаралар өткізді.
Рейд барысында келушілерге, оның ішінде қоғамдық орындарда және алкогольдік масаң күйде қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін заңда көзделген жауапкершілік түсіндірілді. Сондай-ақ ойын-сауық орындарында заң талаптары мен жауапкершілік шаралары туралы ақпараттық материалдар орналастырылды.
Аталған іс-шаралар құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі.
Сарыарқа ауданында құқық бұзушылық үшін жауапкершілік ескертілді
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saryarka/press/news/details/1320367?lang=kk