2026 жылғы 29 қазанда Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Г.Х.Манабаеваның мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, заңдылық қағидаттарын сақтау, сондай-ақ департамент қызметіндегі ашықтықты қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Департамент басшысы әрбір мемлекеттік қызметшінің заңнама талаптарын, қызметтік әдеп нормаларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау үшін дербес жауапкершілік көтеретінін атап өтті. Сондай-ақ ұжымда сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік ахуалын қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.