Ақтөбеде «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері есірткі заттарын заңсыз сақтаудерегін анықтады.
Саяжай аумағында 33 жастағы ер адамдытексеру кезінде полицейлер одан өсімдіктектес зат салынған пакетті тәркіледі.
Кейін күдіктінің тұрғылықты жеріндежүргізілген тінту барысында қорадан ішінде 15 орамасы бар пакет пен өсімдік тектес затсалынған сөмке табылды.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың марихуана екеніанықталды. Оның жалпы салмағы 1,7 келініқұрады. Сонымен қатар сараптама ер адамныңесірткілік масаң күйде болғанын растады.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті шараларжүргізілуде.